Posted in

ЖАУДАЙ ТАЛАДЫ

Жабыла кетті; қас дұшпаннан бетер лаң салды, иттей талады. ~ Кісі екен отыз екі жолаушымен, Ақ үйдің жабығынан көрсем санап. «Сүйінші, іздеген қыз осында» — деп, Біреуін тонап жатыр жаудай талап. “Біржан – Сара” ~ “Бұлар өздерінің жақындарын араға салып, елді жаудай талады» деген жолдар естелікті толықтыра түседі. БАҚ. ~ Келіп, тундрасына қайта оралмай ма. Оралса, чукча біткен жаудай талап, қане, Москвада не көріп, не білдіңнің астына алмай ма. Н.Дәут.