Posted in

ЖАУДАЙ ТИДІ (ШАПТЫ)

Ылаң салды, талады, қамшы үйірді. ~ Ел оны жасында ұры болған деседі. Жазда, қыста Балқаштың арғы бетіндегілердің жылқысына жаудай тиген. Б.Тоғ. ~ Ол жаздай жүгері, мақта дақылдарға жаудай тиіп, өсімдіктердің тамырын, сабақтарын жеп азық етті. БАҚ. ~ ― Мына қызметің құтты болсын, құрдас… Бірақ атқа міне сала менің малыма жаудай тигенің қалай? Б.Тоғ. ~ Өкінішке орай, жез киіктерге жаудай тиіп, жаппай қыру деректері тоқталмай келеді. БАҚ. ~ Жаздай кесіртке, тышқан аулап, әбден кәнігі болып алған ителгі күзге жақын едәуір құс болып қалды. Қара суық түсе қаптап кеткен ұзақ, қарғаларға жаудай тиіп, баудай түсіре бастады. Ү.Жәл. – Алтайдың ағашын отап жатыр, аң мен құсын құртып жатыр. Таутекеге браконьер деген бәле жаудай шапты. Ә.Асқ. ~ Терісі үшін шетелден әкеліп, Алтай өзендеріне жіберіпті деп естігем. Солары өрескел қателік болды, соңғы жылдары тым көбейіп кетіп, өзен– көлдегі балық атаулыны жаудай шауып құртып жатыр десетін. Ә.Асқ. ~ Ойбай, құда біздің Көкмойнақта қайдағы телефон. Тоқсаныншы жылдардың басында–ақ ішкі–сыртқы ұры–қары темір сымы түгіл бағаналардың өзін жаудай шауып кеткен. Н.Дәу.