Posted in

ЖАУЛЫҚ ОЙЛАДЫ

Әлдебір жамандық, қастық жасауды мақсат тұтты. ~ Сенен басқа кімім бар еді? Қайтіп ұмытып, қайтіп жаулық ойладың? К ү л ә ш. Сәулем, жаулық ойласам, жер жұтсын? Не жазыппын мен, кеселді айтшы, сәулем? Әлде кіші апаң, бірдеме деп от тастап кетті ме? М.Әу. ~ Жоқ олай емес бұрынғы жолдастығымыз сол бәз-баяғы қаз-қалпынан бұзылмағандай, қаймағы шайқалмағандай. Сұлтаным күлкіге шашалып, сықылықтап тұр. Реңінен жаулық ойлағандай ештеңе танылмайды. Бұны көріп, мен бо­йым­ды тез жинап ала қойдым. Б.Соқ.