Жалынышты, біреуге күні түскен кіріптар адам туралы. ~ Осы бір жаутаң көздер жиналған жерге аяқ басқысы келмейді. Қ.Түм. ~ Мен көзімнің тірісінде ұрығымды әлдеқайда қаңғыртып, тірі жетім, жаутаң көз етіп жібере алмаймын. Мен өлген соң өздерің білесіндер: ел болмасаң, ебелек боп ұшып кет, түге! Қ.Ысқ.
