Кез-келген адамды таң қалдыратын, көз тартатын сұлу, әсем. ~ «Əкесі Шапыраштының бір көзі бір көзіне атысып туғанымен, баласы жаяу жатып, атты түсіп қарағандай жігіттің сұлтаны болды деседі». Б.Қойш. ~ Сұлулығына енді сөз жетпейді: жаяу жатып, атты түсіп қарайтындай. БАҚ. ~ Ашық түсті киім киген тартымды бойжеткенге атты кісі түсіп, жаяу кісі жатып қарағандай. Өзі де өз сұлулығына тамсанып отырса керек, сөмкесінен алақандай айнасын шығарып, қайта-қайта қарай берді. БАҚ.~ Әуелде ол айтыс ақыны есебінде танылған. Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскендей момын бала екен. Он бес жасында атты түсіп, жаяу жатып қарағандай сұлу Жадыра деген ақын қызға қызығып айтысқа шығып кетеді. Содан Құдай берген қабілеті ашылады. “Сыр бойы”.
