Posted in

ЖЕЗ ӨКШЕ

Салдақы, сайқал әйел. ~ Зайыбын жігіт шын сүйсе, Сұлуларға зар болмас. Саудагерде ар болмас, Жез өкшеде қар болмас. Жалқау жігіт бар болмас. Сегіз Сері. ~ Білмейсің ғой мен түгіл соларды да, Халық қамы ойыңа оралды ма? Жез өкшедей жат тілде шүлдірлейсің, Күлесің сен орыстың соры алдында. Ж.Мол. ~ Шыңғыртады Сананы Көрінбейтін қыл шылбыр. Іс — киесіз, сөз тұрмақ. Әруақ міскін — тар үйлі. Жезөкше мен Жезтырнақ Қабіріме сариды. Орныққандар тағына Түспейді енді — бәс тігем! Св.Нұр.