Ділмар шешен, ғажап әншінің сипаты. * Қалтыратып, дірілдетіп, өн – бойыңды он орап алар бір жалын, бір ызғарға салмасам, жез таңдай, күміс көмейдің барынан жоғы. Ән құдіреті дәл бүгін құрып қалмаса, босамаған буын – буыныңды қоймаспын!- деп күлім қақты. С.См. ~ Ықшам бойына қарамай, сонау жез таңдай, күміс көмейінде тоқсан бұлбұл қосылып, сайрап тұрғандай. Даусының кеңдігі, әдемілігі соншалық, жұмақтағы қор қыздарының үнін естігендей боласың. І.Ес. ~ Қалтыратып, дірілдетіп, өн – бойыңды он орап алар бір жалын, бір ызғарға салмасам, жез таңдай, күміс көмейдің барынан жоғы. С.См. ~ Тыстағы ауа райына дейін содан естіп біледі. Әсіресе, жез таңдай, күміс көмейлер тамылжыта шырқайтын әнді айт! Ү.Жәл.
