Тек бір адамның қара басына ғана қатысты. * Ойының сырдай құпия шындығын қиялдап кетті: “Жеке бастың мұңы ғана емес, елдің мұңы ғой. Т.Рыск. ~ Жеке бастың мұңынан ада, асқақ арман пен адами тебіреністердің тінінен, астар-өзегінен өрт суыра лапылдата жазатын сол ақын. С.Сағ. * … мұндағы сегіз, сырттағы әлде төрт, әлде бес – пәленбай миллион қазақтың адамдық, азаматтық құқығы, ұлттық намысынан – қандай лас жатырда қандай арам сідіктен жаралғаны белгісіз Подоноктың жеке бас пайдасы жоғары көрінеді. М.Мағ. ~ Жоқ! — деп Константин, одан бетер екіленіп кескестей кетті. — Шаруаны азат ету басқа әңгіме болатын. Жеке бастың мүддесі жатқан онда. Л.Толс. * … ізгі ниетті күллі әлем халқы аптаның ақырғы екі күнін іштерінен тынып асыға күтеді емес пе?! Со күндерден үміттенеді, жеке бастың шаруасын да сенбі мен жексенбінің иығына жүктейді. Қ.Жиен. ~ Жеке бастың қамынан, ұсақ-түйектен туған осы айтыс Қызылордаға келген соң нағыз таптық жолға түсті. Ғ.Мұст.
