Өзі, қара басы. * Жазушының жеке басы мен қабілеті сынға түсіп, жүйкесі жұқарған жетпіс екі – жетпіс тоғызыншы жылдардың арасында сол үш бақыты оны ой шырғалаңынан алып шықты. Т.Жұрт. * Ол кісі жеке басы Лимаға тік келіп, қатты сөз айтып көрмесе де, Лиманың көкейіне “сен де сондайсың” деген сөздер орала берді. Ә.Тар. * Кейбіреулер жеке басы мен қоғамның мүддесін, «менікі» деген ұғым мен «біздікі» деген ұғымды сыйыстыра алмай – ақ жүр. Қ.Жұм. * Бiр өкiнiштiсi сол, адамның өзi, жеке басы орындалуына күш салмаған, жүзеге асыру жолында айқаспаған бос, құрғақ қиял ең жексұрын нәрсе екен. Ж.Шағ.
