Бір-бірімен дүрдараз. * Қарт жазушы артын көтеріп, сәл қозғалды.— Кемшілігіңді тілге тиек етейік. Тұтастық жоқ… Әңгімелерін стилі, кейіпкері дамуы, олардың өмірге көзқарасы, сөз саптасы жағынан жеке, жеке, қызыл шеке… М.Қаб. ~ Қарапайым ғана бірліктің қадірі осындай-ақ болар. Мәселе, жеке-жеке – қызыл шеке болған дарақтардың басын қосуда. Ол заманда хан-сұлтан, билер десек, бұл заманда кім? БАҚ “ЕҚ”. ~ Ал мұнда түп-түгел керісінше. Тост мереке құрметіне ғана көтерілді. Ары қарай жеке-жеке, қызыл шеке. Екі-екіден жұптасқан ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау. Шағын топ, шүңкіл әңгіме. Сыңқ еткен қылықты күлкі. М.Қаб.
