Пайда іздеп, жеңіл өмір іздеп, көшіп-қона беретін адам хақында. ~ Өзiн жел айдаған ебелек яки ошағанша дедек қағып жүре бермей бiр орында бадалғанына өкiндi. Ә.Ыб. ~ Кесіп айтайық, Азия ойындары мен Олимпия ойындарында Қазақстанның мерейін үстем етіп, қоржынымызға сыңғырлатып алтын медальдар салған Бақыт Сәрсекбаев бес миллион долларды қалтасына басып, жел айдаған ебелектей қай жерде пайда көбірек, соған жүре беретін велошабандоз Альберто Контадор емес. Б.Тайж. ~ Тыныш отырмай, тулайтындай астынан су шықты ма? Жел айдаған ебелектей қотарыла көшкені несі? БАҚ “ЕҚ”.
