Posted in

ЖЕЛ ЖАҒЫНАН ЖҮРЕ АЛМАЙДЫ (ЖҮРМЕЙДІ )

Кесірінен, сұсынан қорқып, (біреудің) маңына жоламайды. ~ Бұрын Таңсық тұқымының жел жағынан жүре алмайтын болсақ, совет келгеннен былай санға кіріп, қақ төріне барып отыратын болдық. Б.Майл. ~ Біздегі жігіттердің бірде-бірі Ләпбаевтың жел жағынан жүре алмайды. Ж.Алт. ~ Өзі де ұрыншақ көрінеді. Көрмейсің бе, келе сала шешеңнін баласымен төбелескенін. Біздің ауылда бала тұрмақ, үлкен адам олардың жел жағынан жүрмейді. Ш.Мұрт.