Posted in

ЖЕЛ ЖЕТПЕСКЕ МІНДІ

Желден жүйрік сәйгүлікке мініп жосытты. ~ Жан серігің жел жетпеске мініп алып, от арбадан оза алар ма едің, оныңды біле алмаймын, бірақ адам баласын өзімнен оздырмаймын деп, атың да, өзің де мамыт болар едің. Сен жел жетпеске мініп ап жосытқанда, ұшқан құсты жазымсыз жалғыз оқпен жалпитқанда, сені көніркемейтін Отызда бозбала бар ма еді? А.Байт. ~ Бір шарасын ішкен адам дәл хор қызын құшқандай боп, бегі шиқан дуылдайды; ауызы қобыз гуілдейді; мас болады, жас болады; жел жетпеске мініп алып, Алтай тауын дүрсілдетіп, таудың тасын күтірлетіп, көкпар, жарыс, алыс-жұлыс асыр салып жатқаны. Ж.Айм. ~ Астыңа жел жетпесті мініп алып, Күн бұрын мал өрісін біліп алып, Жабысып ат жалына ай жарықта Кететін қолдан мынау іліп алып. М.Дул. ~ Мың түрлі жеміс жедім, шарап іштім, Бар бағын араладым, суға түстім. Тау мен тас далалықты еркін кезіп, Пырақтың жел жетпесін мініп ұштым. Б. Күл.