Posted in

ЖЕЛ ӨТІНДЕГІ ҚАҢБАҚТАЙ (ЖЕЛКЕКТЕЙ)

Басына қауіп-қатер төніп тұрған әлсіз жандай. * Иә, жалғызіліктілік те жаман. Әсіресе төмен етек әйел затына тіптен қиындығын кім білген?! Жел өтіндегі қаңбақтай ауыл өсегі бір соны желбіретіп, құрыққа сырық жалғап әкетеді. Кім айтты, кім қойды оны тоқтату да, білу де тірі азап. М.Сүн. * Зүбәржат та қатты толқып, алаулаған жүзiн төмен салып, бiр сәтке өн- бойы жел өтiндегi желкектей, мысалы қорғансыз нәзiк гүлдей майысты. Ж.Шағ.