Posted in

ЖЕЛ ТИГІЗБЕДІ

Мәпелеп өсірді, бағып-қақты. * Аршын басты Бурылы — Қабырғада қанаты, Сұлтанының жан аты. Күн түсірмей көзіне, Жел тигізбей өзіне, Үстіне шатыр тіккізді. “Қоб. б.” * Антұрған, құдай қане, жасырмай айт, Сөзім жоқ бір кісіден кем көрінген. Сайраған мен бір Найман бұлбұлымын, Қапаста жел тигізбей жем берілген. “Біржан-Сара”.