Posted in

ЖЕЛ ТИМЕГЕН, КҮН СҮЙМЕГЕН

Біреудің алақанға салып, әлпештеп өсірген ерке қызы хақында. ~ Құрықты солардың қызына саламын. Жел тимеген, күн сүймеген қыздарын біз де құшып көрелік! — деп Қаражан қарқ-қарқ күлді. Б.Тоғ. ~ … өз ортасына тегіс орасан сыйлы, Абайдың Тоғжанындай асып бара жатпағанмен «жел тимеген, күн сүймеген» таза, қасы– көзі бояусыз табиғи ақжүзінің ажары өзінше əсем, сұңғақ, сыпайы жан екен. З.Қаб.