Істеген ісінің сәтін берді, жолы болды. ~ Бұлардың бүгін желі оңынан тұрды: Еркек тағы бірнеше кесіртке ұстап алды, қатын бұтаның арасынан жемістер тауып алды. А.Байт. ~ Көре қал, мына желі оңынан тұрып, есіріп бара жатқан қара тобыр ертеңгі күні Еламанның кегін сенен алады. Жә, не қылса да, итің қырын жүгіргесін істеген ісіңнің беті оңғарылмайтыны ғой, шамасы. Ә.Нұрп. ~ Бұл жолы біздің жас үкірдай Тұрысбек мырзаның желі оңынан тұрды- ау деймін, — деп Шихалдай шықылықтап күлді. Қ.Жұм. ~ Балтасын тойғызса, көңілдендірсе, Сәуленің көңілін тапса, Майсараның онда желі оңынан есіп береді ғой. С.См. ~ Екеуінің де ә дегеннен желі оңынан туа кетті. Петербург пен Москва оқымыстылары екеуін де пышақ үстінен таратып алды. Ә.Кек.
