Posted in

ЖЕЛІНІ ЖЕР СЫЗДЫ

Cүті мол ~ Шіркін-ай, Заготскотқа желіні жер сызған неше түрлі жақсы сиырлар түсіп жатыр! – деп тамсанып қойды. – Шіркін-ай, несін айтасың, ағып тұрған сүт, несін айтасың!.. Қ.Ысқ. ~ Бір таң болатыны — қора толы уақ мал, желіні жер сызған екі сиыр тағы бар. Қ.Түм. ~ Қайта бауырына қарап отырған жалғыз сиырларының қорада қалғанына шүкіршілік; көп ұзамай бұзаулайтын түрі бар, желіні жер сызып жүр. Ш.Айт.