Сұс танытты, айбар шекті. ~ Не дегенмен, Саяси Бюроның мүшесi, жақтастары көп, ықпалды басшы, басқалардай iшiп-жеп не бала-шағалары қылмысқа батып былыққан адам емес, бойы таза, орынсыз соқтығуға iштей қаймығатын һәм азуын айға бiлеген ана қу мүйiз Романов, Тихонов, Гришиндердiң желке күжiрейткен дөң айбатынан iш жиып жүргенде, жау көбейтiп алам ба деп те қауiптенедi. Т.Сәу. ~ Сонда тіпті бір-бірінің бет-аузына дұрыстап қарамайды да екен. Жағасын түріп, желкесін күдірейтіп теріс қараған күйлері бастыққа өтеді. Ә.Кек.
