Posted in

ЖЕЛКЕ ЖҮНІН КҮДІРЕЙІТТІ (ДҮРДИТТІ, ҮРПИТТІ)

Айбат шашты, сес көрсетіп, қорқытпақ болды. ~ Қуан сары қаншықтың екі қадам жерде, құлағын жымып, желке жүнін күдірейте шажылдап кеп үргеннен өзге бітірері жоқ, дәрменсіздігін көріп бір түрлі аяп кетті. М.Сүн. ~ Иә, ағайын, батыр едiм деп бүгiн желке жүнiмдi күдiрейтердей нем қалып едi? К.Сег. ~ Тұманда бұлдырап анық көрінбеді, әйтсе де желке жүні күдірейген төбет ит екенін айқадым… Ә.Асқ. ~ Біздің ұрыс естіген, қызмет бабында бізден бірлі-жарымды азар көргендер, шолақ белсенділер бізге үдірейе, желке жүнін дүрдите қарады және кейбіреуі пышы-пышылап, кейбір жеңілтектер собатажник деп ашық күліп жүрді. Б.Қыд. ~ Әншейінде таңға жақын қыс ауғанда жылаған балаша бақыратын, мауыққан мысықты арсылдап қуатын ит те, одан қашып, желке жүнін дүрдитіп, ағашқа, үйдің төбесіне тармасып шығатын мысық та ауылда ада. Б.Қыд. ~ Сонаң келе келешекте өзінің де өмірді дәл осылай аяқтарың неғып білмеген. Білмедің бе? Жоқ білдің. Тек білмегенсіп, бері айбатыңды бетіңе жиып желке жүніңді үрпитіп жүрдің. Ә.Нұрп.