Posted in

ЖЕЛПЕҢ ҚАҚТЫ

Желпінді, желікті, желпілдеді. ~ Бұл іспен бойға мақтан кірді, паңдық, Әркімнің әлі бар деп алар аңдық. Жеңгеніміз желіктік желпең қағып, Жеңілгенді жер болған атқа таңдық. Ортамыздан от жағып, өрт шығардық, Көре тұра құтырып, күйіп-жандық. Шәк. ~ Терек тұр тәкаппар боп кекірейген, Жел қақса жапырағы желпең қағып, Иілсе алма ағаштар бүкірейген, Қарайды жемісіне ел таң қалып. А.Тоқ. ~ Қамшы батса қазандай қарны да жел қуықтай желпілдейді екен, май басқан семіз денесі желпең қағып көкке де ұшты, жерге де түсті. Ә.Кек. ~ Балқаштан өзенді өрлей жүзген балық, Тұмсығын тас қаққанша еркіндейді. Бұлқынса анда – санда ала бура, Жетісу желпең қағып селкілдейді. І.Жанс.