Posted in

ЖЕЛПІЛДЕК КӨҢІЛ, ЖЕЛКІЛДЕК ЕТЕК

Әркімнің көңілін аулап, кім көрінгеннің асты-үстіне түсіп әлек болған тірлік д.м. ~ Сәлима. Ұялғанда қандай, от болып жандым. Жыладым-еңіредім. Мұз болып суыдым, көндім. Сол, сол-ақ екен, екі аяғымды жерге тигізбей, аупарткомның үшінші хатшылығына сайлатқызды да жіберді. Әйел затын беттің әрі, сөздің зәрі өсірген заман еді ғой ол бір. Өзің білесің, менде әр бар, сөз де жоқ емес. Қысқасы, заман талабынан шықтым. Сәлім. Құрысын ондай заманы! Сәлима. Айтпағын. Қайтейін, желпілдек көңіл, желкілдек етек болып өте шықты келте өмір! Ә.Қал.