а) Жолға шықты. ~ Терентий әлдеқайда кетті де оралмай қойды. Оның әйелі бір күрішке куәшті Шоқанға әрең берді. Жолаушылар Ыстапқа жең тартты. С.Мұқ. ~ Кәрібайдың баласы жоқ, сенің балаларыңның оған жаттығы болмайды», — деп еді Қоржынтай. Злиха талған көңілге осыны сеп қылғандай, осыны ойлап өзін- өзі айналдырғандай болып ақтық рет балаларын сүйіп, «алтын босағасын» аттап, жең тартып еді… Б.Майл. ~ Қазығұрттан қозғалған Әбілмансұр «құл әкесін» ертеді де, сол жаққа жең тартады. Осы бетінде ол аса ауыр қылмыс жасайды. Жолда, «Хан» тауына түнеген шақта «құл әкесін» өлтіреді! С.Мұқ.
ә) Шатасып қалды. ? ~ Мұндай шақта именіп бөгелер кім, Алайда жұла сөйлеп жөнелер кім? Көңілдегі көрікті ой бек жең тартып, Кеп қымсынды алдында Көрегеннің. Д.Әб.
