Posted in

ЖЕР-ЖЕБІР, ЖЕКЕН СУЫНА ЖЕТТІ

Аузына келгенді айтып, қатты сөкті, ұрысты. ~ Бақытжан: – Осы күнгі әр шалдың қуаты жүз аттың күшіне тең. Үңдемей отырып- ақ үніңді өшіре қояды… Баяғыда бір соғыстың түтінін иіскеп келдік деп, жер-жебір, жекен суыңа жетеді, әкри… О.Бөк. ~ Кілті кереге басында қалған сандықтың құлыбын сырт еткізіп ашып жіберіп, бөлеудегі мүйізді құтқарып алып шықтым да, аттанып кетіп жітірдім жер түбіне, жекен суына. Ғ.Біл. ~ Соғысқа барып бір құлағын беріп қайтқан бригадир Қадыл қанша рет жер-жебір, жекен суына жетіп ұрсып еді- ау. О.Бөк. ~ Бағиланың үй- іші секем алады білем. Бағана Бағила шақыртты деген соң, кіріп шығып едім, шешесі жер-жебір, жекен суыма жетті. – Сен қыз бұл үйге сумаңдай берме, – дейді. О.Бөк. ~ – Әй, қарғадай қызда не әкеңнің құны бар?! Сенсіз күнім қараң қалса да тайып тұр. Ендігәрі ондай бөтен мінез көрсетсең, айдап салам! – деп көкайылданып жер-жебір, жекен суына жетіп еді. О.Бөк. ~ Соғысқа барып бір құлағын беріп қайтқан бригадир Қадыл қанша рет жер-жебір, жекен суына жетіп ұрсып еді-ау. О.Бөк.