Posted in

ЖЕР-КӨКТІ (ЖЕР МЕН КӨКТІ) КӨШІРДІ

Дауысы жер жарды; құлақ тұндырды; аспанға шарықтады. * Жалт қараса, үлкендігі өзінің енесі Қоңырдан кем түспейтін Сұр аюдың айбат шегіп, гүжірейіп тұрғанын көрген. Қазандай басын жерге салып, оңды-солды тынбай шайқайды. Гүрілдеп-сарылдап, жер-көкті көшіріп тұр. К.Сег. ~ Аюдың көзіне де қан толды. “Қайдасың, жауым! Шық бермен! ” Егер адам аю тілін түсінер болса, оның мынау жер- көкті көшірген жан дабылындай ақырғанын тура осылай деп түсінер еді. К.Сег. * Зарқұм, сенен дәл бүгін, Алам енді өшімді. Осылай деп ақырды, Әли Шердің дауысы
Жер мен көкті көшірді. “Зарқұм”. ~ Инеліктей дірдектеген талпақ мұрын вертолет Жындысайдың иығынан шыға келді де, жер-көкті азан-қазан көшіріп, Аюлының нуына асты. Қ.Ысқ.