Posted in

ЖЕР АПШЫСЫН ҚУЫРДЫ

Жүрісін, шабысын тездетті; ызғытты. * Содан жігіттің екі аяғы ат бүйірін далақтай соғып, қайтып қайырылғанша, әлгі қашаған қара жердің апшысын қуырып құрықтан алыстап үлгереді. Б.Мом. ~ Машина жолы кезеңнен біздің ауылға қарай тура аса алмайды. Тұзкөлді айналып жүреді. Бұл төте жолдай емес, әлдеқайда ұзақ. Бірақ, жүрдек машина жер апшысын қуырып, шыдатар емес. Б.Соқ. * Құйрық-жалы жел екпінінен сүзіле желбіреп, бауыры созыла жазылып қалай-қалай ұшыртады. Жер апшысын қуырып шыдатар емес, артқы елікпен құйрық тістесіп те қалды… М.Сүнд. * Жер апшысын қуырып, гүжілдеп тартып бара жатқан көк қасқа машинаның үстінде аруананың сырық мойны сораяды. Ә.Нұрп.