Posted in

ЖЕР АСТЫНАН ЖІК ШЫҚТЫ

Біреудің айтқан сөзін, иә істеген ісін жақтырмағанда “мынау қайдан шыққан пәле” д.м. айтылады. ~ Қарай гөр жер астынан жік шыққанын, Естіп пе ең Көтібардың, сірә, ыққанын! Түр былай, олжа десең жаның олжа, Сендейдің мыңын мегдеп шыныққамын! М.Әу. ~ Кедей – жалшы сөйлесе, жер астынан жік шықты дейсіңдер. Кірпідей жиырылып, өліп кете жаздайсыңдар. С.Ом. ~ Жарадар Бөгілі мынау жер астынан жік шыққандай тосын көрініске сенбей, өзін бірдеңе иектеп кетті ме деп қорқып, екі көзін тарс жұмып ап, бетін басып, қарындасын қасына жолатпапты. Ә.Кек.