Posted in

ЖЕР ЕМШЕГІН ЕМДІ

Егіншілікпен күн көрді. ~ Жер емшегін емген халық, басы артық мал ұстамайды. З.Шүк ~ Қытайдағы коммунаның көнтері көмпіс өгізі, жекелей жер емшегін емуді Қытайлардан үйреніп алған қазақтардың, Қазақстанның кең даласындағы жанбағысы жаман болмайтынына көзі жетеді. Т.Рыс. ~ Бар сенеріміз – осы жеміс ағаштары. Мұның атын – жер емшегін ему дейді. Бірер жыл өстіп қор жинаған соң, қалаға тартамыз. Б.Тоғ.