Posted in

ЖЕР ЖАДЫСЫ

Жердің бедері, ой-қыры, сай-жырасы. ~ Жау мұны көрсе де, төмен бұрылып кетпей, алғаш қиялаған бетімен дыбыс бермей, қамшылап қаша берген. Төмен тартпағаны – беттің тіктігін, тастағын ойлаған. Жау жер жадысын білетін анық жырындылығын істеген. М.Әу. ~ Жау жақтың күші мығым болғанымен жер жадысын білмегендіктен, он шақты адамы қас қағымда оққа ұшты. Т.Рыс. ~ Жер жадысын қуалап, күндіз-түні жылқыға ие боп отыру үшін қанды бұрауын шығарып мінетін желқуық ат-айғыр сол жылқышы серігі. Ж.Ахм.