Дүркіреді, кеңінен жайылды, жер-көкке сыймады. (Дауысы, дабылы, атағы, шуы, даңқы, аты т.т.) ~ Бекболат (салмақтап). Қарағыз елінде Келден дейтін батыр болған білем. Қалмақ пен қазақтың соғысында сол кісінің атағы жер жарып тұрған екен деп әкем марқұм айтып отырушы еді. Б.Майл. ~ Атағы жер жарған, есімі кітапқа енген сол бір аруақты ағамыз ел ішінде сабанға түскен инедей табылып болмады, іздейміз деп табанымыздан таусылдық. Д.Дос.
~ Шыңғыс хан таңғұттардың сілесін солай қатырды. Аты жер жарған таңғұт әскері екі күннің ішінде сүйегі жиюсыз жайрап қалды. Ә.Кек.
