Posted in

ЖЕР ЖАСТАНҒЫР (ЖАСТАН)!

Өлім келгір д.м. қарғыс. ~ Жер жастанғыр, жайрап қалғыр! Жайратып отыр екенсің ғой көгала! Түйнеме келгір! Ындының құрып бара ма? Түйнеме келтірейін, – деп Құрмашты бір қолынан ұстап лақтырып жіберді. Ж.Айм. ~ Мен кейде- кейде бұл жалғанда өзімнің осы қадамымды қанша ақтағаныммен, елім- жұртым үшін бәрібір опасыз адам болып қаларымды білуші едім. Сен бар екенсің ғой, жер жастанғыр, жас қыршын! К.Сег. ~ Зарлаған дауыс түнгі даланы үңгіп кеміріп, қиян – қиырды қарш- қарш тілгілейді. — Құлыным – ай! Өз ажалыңнан да өлмедің – ау! — Жер жастан, жауыз, жер жастан! С.См.