Posted in

ЖЕР ЖҰТҚАНДАЙ ЗЫМ-ЗИЯ (ҒАЙЫП) БОЛДЫ)

Із-түзсіз жоғалып кетті. * Жанынан Доскейді іздеді. Жоқ. Салпаңқұлақ та жер жұтқандай зым-зия. Д.Дос. * Сол әлгі мойын қосқа жегіп жүрген екі өгізді жер жұтқандай, зым-зия болды. С.Бақб. * Мысық тал шарбақтан бір-ақ қарғып, жер жұтқандай ғайып болады. Бала аңырып тұрып қалды да, шарбақты айнала жүгіреді. З.Шаш. * Әрі шапқылады, бері шапқылады, арам тер боп көшені де сан қиып өтті; Лука Александрычты жер жұтып қойғандай… А.Чехов. (Қ.Ысқ.)