Posted in

ЖЕР ҚАЙЫСҚАН (ҚАЛЫҢ) ҚОЛ (ЖАУ, ЖАСАҚ)

Сансыз көп, қара құрым әскер. * Қос қанаттағы жер қайысқан қалың қол мен тосқауыл әскер сансыздың соңынан шаһар қақпасына дейін бірге барады. Ә.Кек. * Өтемістен туған он едік – Онымыз атқа мінгенде, Жер қайысқан қол едік! Біз ер едік, ер едік. М. Өтем. * Қалмақтың жер қайысқан қалың қолына тайынбай шауып, ат сауырынан қан кешкен, қайран, күндер!.. З.Шүк. * Қос қанаттағы жер қайысқан қалың қол мен тосқауыл әскер сансыздың соңынан шаһар қақпасына дейін бірге барады. Ә.Кек. * Ат төбеліндей шағын жасақпен жаудың жер қайысқан қалың қолына қарсы шапты. Т.Сәу.