Адамның бапты, ауыр жүрісі туралы. ~ Машинаның әйнегінен қарасам, келе жатырсың, тани кеттім, жүрісіңнен таныдым, сол баяғы қалпың… Жер ойылып кететіндей баппен басып келесің, — деп әлі де мәз- мейрам болып тұр. Қ.Жұм. ~ Мә-ә, Гер-ағаның мақаласынан кейін бойыма желік біткенін көрсең! Енді мені танып көр. Өкшем басқан жер ойылып кетердей салмақ пайда болды. Т.Сәу.
