Posted in

ЖЕР СЫЗДЫ

Жерге тиіп келеді. ~ Қыз селк ете сескеніп, кейін шегінді. Еліктің лағындай мөлдіреп, үлпілдеп тұр. Қап-қара қос бұрымы жер сызған аққұба қыз… И.Жақ. ~ Көтерем дегеніміз оқтаудай жұмыр, семіз торы құнан. Ауыздығын шайнап, алысып келеді. Бірақ көзім құнаннан гөрі жолаушының нақ өзіне түсті. Аяғы салбырап кеткен. Жер сызады. С.Шай. ~ Жоқ әлде жазық маңдайына жараса біткен қияқтай қара қасы ма? Әлде қос бұрымы өкшесіне дейін созылып жер сызып келе жатқан қолаң шашы ма? Ә.Әб. ~ Шолақ жең қара мақпал камзолының өңірі сары жез оралған оқамен көмкерілген. Бүрмелі етегі шұбалған ұзын қызыл ала көйлегі жер сызады. Қ.Тол.