а) Сағын сындырды, қорлады, табалады. ~ Құйтақандай балапанымның тәттi етiне алғаш рет ащы таяқ тиiптi. Бөтен әлдекiмнiң, әлдеқандай төмен етектi әйелдiң қолы тиiптi. Тiрi жетiм деп жерге тығыпты. Ж.Шағ. ~ Қайда барса да мұның алдынан кесе- көлденеңдеп Көбей шығады екен, соны ұқты. Талай жерде тәлкек етті, шаршы топта сағын сындырып, жерге тықты. Ә.Асқ. ~ Оған жанасып кеткенімізден жеккөрініштісі жоқ. Тілдің сұғын қадап келекелеп, байғұсты әбден жерге тықпай, бетімен жер сүргілетпей тынбайды. М.Қаб.
ә). Жауының күл-паршасын шығарып, жеңді, ойран салды.
~ «Тақсыр- ай! Қашпаушы едік жаудан ығып, Жеңіп ек жау әскерін жерге тығып. Шыдатпай, бет қаратпай қайта қуды, Ғажайып алдымыздан бір өрт шытып. Шәк.
