Тып-типыл, теп-тегіс, жермен бірдей. ~ Кіндік қаным тамған жер, тиген өкшем! Жатыр, міне, тып-типыл жермен жексен. Жыңғыл жондым бұл жерде, сақа құйдым, Енді, міне — құлазып қалған тепсең. Қ.Шаңғ. ~ Мұң болып жатыр менің жүрегімде Теп-тегіс, Жермен-жексен қалаларым. Жоқтайды нулы көлін татырларым, Шөліркеп жатыр Бетпақ, Жатыр Нарын. Қ-М.Әли. ~ Көлдің солтүстік жақ жиегінің қамысы селдір, құрағы да жермен жексен аласа. С.Ом. ~ Қойыма қора соқтым жермен жексен, Бұл қойым кейде сегіз, кейде сексен, Сегізді сексен менен қосып салса, Болады сексен сегіз бөгелместен. Қазақ жұмбақтарынан.
