Абыройдан айрылды, жерге жаншылды. ~ Қаншама ұлың, қаншама боздағың қара жерде жертезек боп қалғандай қазақтан қауһар біржола қашқаны ма? Жоқ! Қашқан жоқ. С.См. ~ Мен сенің тауың шағылып, меселіңнің қайтқанын, дұшпаныңның табасына ұшырап, жертезек болғаныңды көргім келмейді, жаным… Егер екі дүниеде мен разы болсын десең, осы тілегімді орында. Айтшы: орындаймын деші! Қ.Жұм. ~ Жауынбай, Садырбай! Қастарыңа екі– үш жігіт алып анау бос жүрген аттарды ұстаңдар. Бар! Болыңдар тез! – деді де, өз өліктерін ат тұяғымен жер тезек қылып өршеленіп өрмелеп келе жатқан жауына тағы бір жебені бағыштады. С.См.
