Күйеуі өлді, тұл қалды, серігінен айрылды. ~ …сонан кейін екі баламен жесір қалып бір жылдай отырып, тағы да біреуге күйеуге шыққанын, ол күйеуінің сотталып кеткенін — бәрін естіген. С.Мұр. ~ Күлән Тәнтіні қатты аяйды. Мына заманда алты баламен жесір қалуды Алла ешкімнің басына бермесін. Е.Жең. ~ Аспандағы айды бір қара бұлт қоршап алып, жасырып, жұлдыздар жесір қалған секілденіп, көзін жұмып қалып, ашып жымыңдасып тұрды… М.Қаб.
