Біреудің ықпалында, соңында кетті; артынан еріп кетті. ~ Мұхтардың осынау он жылға созылған махаббат мұңының, яки үйлену шырғалаңдарының басы да Кəмиланың онымен «қосылыспай, басылыспай» амалсыз жылап- еңіреп жаттың жетегінде кете баруы болатын. З.Қаб. ~ Әрине,- деп күлді Света. Алдымен көзі түсіп айналдыратын еркектер емес пе. Ендеше біз солардың жетегінде кетеміз де, ғашық болдық деп өзімізді алдарқатамыз. Т.Ахт.
