Posted in

ЖЕТЕГІНЕ АЛА ҚОЙДЫ (АЛДЫ)

Айтқанына көндірді; тілін тапты. ~ Көп жұмысты екеуі селбесіп тындырмақшы көрінеді. Айдекең оны жақсылыққа жорыды: “Я, сәт сағат! Бүгін оң жамбасыммен тұрған екенмін. Бұларды шаңарағыма Құдай айдап келген екен-ау! Күріштің арқасында күрмек су ішеді ғой. Азу тісі алты қарыс секратар, кімге жонынан сипатушы еді? Қанат мұны қас-қағымда мұрындықтап, желпілдетіп жетегіне қалай ала қойды екен, е?! Т.Рыск.