Есінен ауысқан, жын соққан. ~ Ол – ауылдың ешкісін бағатын, бертінге дейін «Сәдірмек» атанып, азан шақыртып қойған өз атына жақында ғана қолы әрең жеткен белгілі жынды «жетек соққан» Бөкен ғой. Осыдан екі жыл бұрын әйелін сабап, уездің түрмесінде екі ай отырып келген. Т.Әбд. ~ Барынша шапшаңдықпен лып етiп, көрпенiң астына сүңгiдi. Жетек соққан жетесiздер «о-о-о!» деп, даурығыса айқайлап, мастана алақандарын шапаттады. Ә.Ыб.
