Posted in

ЖЕТЕКШІЛ ТҮЙЕ (ТАЙЛАҚ) СЕКІЛДІ

Кім болса соның айтқанымен жүру, кім көрінгенге еріп кете беру туралы. ~ Күземе байтал кекілді, Жетекшіл түйе секілді, Шешесі айтса, кейін деп, Жеңгесі айтса бейімдеп, Дамбалын тастап қыз кетті. Д.Баб. ~ Еліміз қараңғы, білім шырағы жанбай тұр. Жетекшіл тайлақ секілді, кім-көрінгеннің бұйдасына байланып жүре береді. Кім не айтса, бәрін шын көреді. Қ.Тол.