Posted in

ЖЕТЕР ЖЕРІНЕ

Тиісті межесіне, көздеген мақсатына д.м. * Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпесе болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар. Ә. Бөк. * Өзгені қайдам, жазғаным жетер жеріне (зерделі көңілге) жетпей, тыңдалмаған жетім сөз күйінде қалатын үрдіске менің әбден бойым үйренген. Б.Әдет. * Көп мәселе айтылып та, жазылып та жатыр. Бірақ олардың басым көпшілігі бізге жаңалық емес. Мұның дені – кезінде Алаш қайраткерлері айтып, көсемсөздерінде жетер жеріне жеткізе жазып кеткен мәселелер. Қ.Сақ. ~ Мұндай зар жетер жеріне жетуге тиіс. Өйткені өлгендер сөйлей алмайды, ал мен тірімін. Ендеше, неге қипақтаймын, несіне қайта-қайта оқи берем. К.Қаз.