Пәлен бабасынан бері д.м. ~ Мажан ірі бай. Жеті атасынан бері еңбекші халықтың қанын сорып, еңбегін пайдаланып келе жатқан жауыз. С.Елу. ~ Анатолий Карпович шеттеу тұрған Асылханды шақырып алды да: — Міне, тапсыратын жігіт осы. Жеті атасынан бері шопан, — деді. К.Қаз. ~ Бұл өзі жеті атасынан бері уызы арылмаған, бағы таймаған, қолынан ұры кетпеген, бір жақсылық етпеген, басы сәждеге тимеген, жамандықтан басқаны сүймеген, бірді-бірге атыстырып, елін қан жылатумен шынжыр балақ, шұбар төс, қанды ауыз атанған бір жауыз еді. С.Тор.
