Posted in

ЖЕТІ ҚАТ ЖЕР, ЖЕТІ (СЕГІЗ) ҚАТ КӨК (АСПАН)

Жаратылыстың шексіздігін сипаттайтын діни ұғым. * — «Жеті хат жер, сегіз хат көктен іркілмей өтетін тәңірінің мейірі менің жеңіме тоқтар дейсің бе» деп данышпан Сырым айтқандай, шырағым ішкі ниет түзу болса, басқасы сырт көрініс, – деді. Х.Ес. ~ Үнді халқының мифологиясында жеті арал, жеті өзен, жеті қат аспан, жеті қат жер, сондай-ақ жер асты жеті әлемі дейтін ұғымдар бар. Назар аударарлық жайт – олардың мифологиясындағы бүкіл кейіпкерлер осы жетінің маңайына шоғырланған. А. Сей. (“ЕҚ”)