Posted in

ЖЕТІ ӨЛШЕП, БІР КЕСТІ

Әбден ойланып жасалған әрекет туралы. ~ Ол сөз, ол жазу: айтылып, тұжырылып, бір тоқтамға тірелген көкей кесті тілектің түйіні. Жеті өлшеп, бір кескен үлкен мақсаттың ұшы еді. Х.Ес. ~ Бірлескен мәлімдеме әр сөзі тайға таңба басқандай анық және жеті өлшеп, бір кесіп, барынша дәлдікпен айтылатын ресми құжат болып есептеледі. БАҚ.