Әбден бабына келіп тұр д.м.~ Құлагердей аттың бабы келіссе, мұның алдына кім түсер,— деп, Күреңбай тамсанып тұрды,— Терінде сықпа құрттың дәміндей дәм жоқ, жеті тері алынған, бір қасық ащы тері бойында қалмапты. Құмалағында да қоянның көз жасындай бір тамшы су жоқ. Осынша жас өмір сүріп, тап бүгін алжасып, шатаспасам, Ақан серінің мына Құлагері тұрғанда бас бәйгеден үміттенген қазақ баласында ес жоқ. С.Жүн.
