Posted in

ЖЕТІМ ҚЫЗДЫҢ ТОЙЫНДАЙ

Тым жұпыны, жүдеу өткізілген әлдебір арзанқол шара хақында. ~ Арнаулы үйлер тігіп, салтанатпен шалқитын кезең емес. Жер аяғы босамаған қысылшаң шақ. Сондықтан әншейіндегі желөкпе Дариға да «Жетім қыздың тойындай етіп еткізе алмаймын» деп тулай алмады. Т.Әл. ~ Көк жайлауда, қалың елдің ортасында дүркіретіп өткізетін қажы шаңырағының ең үлкен қуанышын жетім қыздың тойындай ғып бірлі-жарым жатақтардың ортасына барып тойлайтынын естіген өзгені қойғанда, өз отбасындағылардың өздері ұға алмаған. К.Сег. ~ Ендеше, қарағым, тойыңа жөндеп дайындал, жетім қыздың тойындай ғып өткізіп ұятқа қалдырмайық! Ә.Тар.