Жаутаңдап, біреуден көмек күту, соңынан қалмау. ~ Өз аттарын ел-жұртына найзасымен әйгілі еткен ата-бабасы белгісіз жаман тымақ, жыртық тон бұқара жұрт. Тілін таба білсең бұлар жетім лақтай соңыңнан ере береді… І.Ес. ~ «Сұлулардан» жүрген кезде жеріп мен, Сен кездестің өзгеше бір көрікпен. Қайда барсаң, өзің жүрген жолменен Бірге барам, жетім лақтай еріп мен… Қ.Бұғ. ~ Жетім лақтай мына бір қыз маңырап артымнан қалмады. Көрген жерінде «Маматай» деп құшақтай береді. Кейін білдім, мен мамасының суретінен аумайды екем. Б.Сәр.
